Ел аумағынан заңсыз ақша алып шықпақ болған шетелдіктер ұсталды
Ел аумағынан заңсыз ақша алып шықпақ болған шетелдіктер ұсталды
249
оқылды
«Жібек жолы» және «Атамекен» кеден бекеттерінде Қазақстан, Ресей және Тәжікстан азаматтарына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, аталған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қолма-қол ақшаны алып кетуге қойылған шектеуді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«2022 жылдың 6 мауысымында Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Жібек жолы» кеден бекеті арқылы Өзбекстан Республикасы бағытында жолаушылар терминалында, қолжүгін «NUCHTECH 100100DV» рентгентелевизиондық құрылғы арқылы  тексеру кезінде, кеден бекетінің қызметкерлерімен Тәжікстан Республикасының азаматынан жолаушылар кедендік декларация арқылы мәлімделмеген қолма-қол 19 500 АҚШ доллары анықталып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 545-бабы бойынша іс қозғалды», - делінген ведомство хабарламасында.