Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
213
оқылды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды.

2022 жылдың 31 мамырында Мәсімов пен Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 шілдесіне дейін, Ерғожинді 2022 жылдың 13 шілдесіне дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
"ҚР ҰҚК жедел-тергеу тобы К.К. Мәсімовке, А. Т. Садықұловқа, Д. Е. Ерғожинге және басқа да адамдарға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 218-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-тармағы, 366-бабының 4-бөлігіне сай көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр",– деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.