Қаршадай қыз қарлығаштың жетім қалған балапандарын қанаттандырды
Қаршадай қыз қарлығаштың жетім қалған балапандарын қанаттандырды
347
оқылды
Анасы өліп қалған балапандарды бағып-қағып, қанаттанған соң өз қолымен ұшырған кішкентай қыздың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті. Жұртшылық бүлдіршіннің бұл қамқорлығына тәнті болып жатыр. Видео TikTok-та жарияланған. Оның қашан, қайда түсірілгені әзірге белгісіз. Жеткіншек қыз өліп қалған қарлығашты жерлеп, оның жетім қалған балапандарын тамақтандырып, қанаттандырып шығарған. Олардың қызға әбден бауыр басып қалғанын, қанаттары қатайып өсіп кетсе де қыздың ауласынан ұзамай, үнемі қолына келіп қонатынын көруге болады. Көпшілік бейнежазбаның астына кішкентай қыздың мейірімділігіне разылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін арнады.
«Адамның ет жүрегін елжіретіп жібереді», «Айналайын балапаным, қарлығаш киелі құс қой. Істеген жақсылығың Алладан қайтсын», «Керемет махаббатын-ай!», «Әбден үйренген екен қыз балаға, тамақ берген соң, жақсы көріп кеткен де», «Аналайын ботақаным, қарлығаштың батылдығын, адалдығын, бауырмалдығын берсін, қанатың талмасын, адамның жүрегін сыздаттың, бақытты бол», - деп жазды желі қолданушылары.
 
@haisar0312♬ original sound - Қайсар