Елордадан Қызылордаға саяхаттап барған жасөспірім дарияға батып кетті
Елордадан Қызылордаға саяхаттап барған жасөспірім дарияға батып кетті
155
оқылды
Қызылорда облысында 15 жастағы жасөспірім Сырдария өзеніне батып кетті. Оқиға 6 маусымда Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата кесенесі тұсындағы дария аумағында болған.
«Төтенше жағдайлар қызметіне жергілікті уақытпен сағат 10.13 шамасында аудандық полиция бөлімінен хабарлама келіп түсті. Онда 2007 жылы туған жасөспірімнің кесене аумағындағы Сырдария өзеніне батып кеткені айтылған. Оқиға орнына жедел құтқару жасағынан Данышбай Есемұратов басқарған 5 құтқарушы 1 техникамен келді. Сағат 15.20-да іздестіру жұмыстары басталды. Сағат 20.30-да іздеу уақытша тоқтатылды. Әзірге нәтиже жоқ», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Мәлім болғанындай, жасөспірім анасымен бірге Нұр-Сұлтан қаласынан экскурсиялық сапармен жүрген. Анасы кесене басында белгісіз себеппен баланы жоғалтып алған. Кейіннен жасөспірімнің дарияға батып кеткені анықталды.