Дзюдодан 6 медаль алды
Дзюдодан 6 медаль алды
Австрияның Грац қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өтті. Қазақстан жастар құрамасы бұл доданы екі алтын, екі күміс және екі қола медальмен аяқтады. Атап айтқанда, ерлер құрама­сы­нан Нұрқанат Серікбаев (60 келі), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келі) алтын медаль алды. Мерей Марханбетов (60 келі) пен қыздар арасында жоғары салмақта белдес­кен Аида Тойшыбекова (78 келі) Еуропа кубогінің күміс жүлдесіне ие болды. Ал ерлер арасында 81 келіде татамиге шыққан Максим Мейірлан мен қыздар арасында 63 келіде бақ сынаған Есмигүл Кую­лова қоржынды қос қоламен толық­тырды. Қазақстан жастар құрамасы Австрия­да өткен Еуропа кубогінің жалпы командалық медаль кес­тесінде Жапониядан кейінгі екінші орынға тұрақтады.

Асыл ТҰМАР