Бердыев бас бапкерліктен кетті
Бердыев бас бапкерліктен кетті
144
оқылды
Белгілі футбол маманы Құрбан Бердыев «Қайрат» командасының бас бапкері қызметінен кетті. Бас бапкер Құрбан Бердыев келісімшарт мерзімін уақытынан бұрын аяқтау туралы келісімге келген. Онымен бірге көмекшілері Иван Данильянц, Дмитрий Кириченко, Андрей Мацюра және Эдуард Кундухов клуб сапынан кетеді. Құрбан Бердыев ойыншы ретінде де алматылық клубтың намысын қорғаған. Алматылық клубта ол жартылай қорғаушы ретінде 160 ойын өткізген. 1990 жылдардың бастапқы шенінде бас бапкер және көмекші ретінде «Қайратқа» жетекшілік жасап, команда 1992 жылы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы атанды. 2021 жылы Қ.Бердыев алматылық клубқа қайта оралып, алғашқыда бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі қызметінде болды. Кейіннен негізгі команданың тізгінін ұстады. Оның жетек­шілігі­мен команда алғаш рет еурокубок­тың топтық кезеңінде ойын көрсетті. Сондай-ақ Қазақстан кубогын жеңіп алды.

Асыл ТҰМАР