Футболдан Қазақстан құрамасы Словакияны жеңді
Футболдан Қазақстан құрамасы Словакияны жеңді
Фото: meta-ratings.kz
Футболдан Қазақстан құрамасы Словакияны жеңді.  UEFA Ұлттар лигасының 2-турында Қазақстанның футбол командасы Словакиямен ойнады. Ойынның 26-минутта Аслан Дарабаев гол салып, қазақстандықтар 1- кезеңде қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде қарсыластары табандылық танытқанымен есеп өзгерген жоқ. Ойын нәтижесінде, Қазақстан құрамасы қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.   https://youtu.be/mCj6zUE2MNo Қазақстан құрамасының қорғаушысы Тимур Досмағамбетов Словакиямен өтетін ойын алдындағы баспасөз мәслихатында: «Алаңға кім шықса да, бар күшін салып, оң нәтиже тіркеуге тырысады. Асхаттың жоқтығы біз үшін оңай емес...» деген еді.