Үстірт киігінің саны 28 мыңға жетті
Үстірт киігінің саны 28 мыңға жетті
338
оқылды
Маңғыстау өңірінде әуесанақ жүргізілді. 2001 жылы ақбөкеннің күрт азайып кеткені айтылған еді. Үстірт киігі негізінен Қарақалпақстанда қыстайды. Көктемде қайтар жолда біразы браконьер оғына ұшады. Соңғы жылдары дала жануарының жүру бағыты солтүстікке қарай өзгерген. Қазақстанның биоалуан­түрлі­лігін сақтау қауымдастығының мәліметінше, Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциясын қоса алғанда елдегі ақбөкен саны 1 млн 300 мыңнан асты. Айта кетейік, Үкімет қаулы­сымен Батыс Қазақстанда «Бөкей ордасы» мемлекеттік резерваты мен «Ащыөзек» табиғи қаумалы құрылды. Табиғи аумақтың жалпы ауданы – 650 мың гектар. Штат бойынша 78 адам жұмыс істейді. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақ 1 шілдеден бастап нақты іске кіріседі. Бұған республикалық бюджеттен 300 млн теңге қаржы бөлінеді. Басты мақсат – киікті қор­ғау, оның көші-қонын қада­ғалау. Аумақта шамамен 250 мыңдай киік болады. Резерватта аң­шылық жасауға тыйым салына­ды. Ал ол жерден тыс аумақта киікті аулаумен басқа бір мекеме шұғылданады. Ол жағын әлі ойластырып жатырмыз», – деді Эко­логия, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова.

Асыл ТҰМАР