Елдің күтер жаңалығы мен жақсылығы көп
Елдің күтер жаңалығы мен жақсылығы көп
Біз алғаш тәуелсіздік алған жылдары қаз басқан сәби секілді едік. Сондықтан ол кезде қандай саяси жүйе таңдауға түс­се де, тек үмітпен қарап отыра бердік. Ал қазір беліміз бекіді, қабырғамыз қатайды. Ұлт ретінде болмысымыз айқын­далып, мемлекет ретінде өз орнымыз орныққан елге айналып келеміз. Дәл бүгінгідей саяси санасы дамыған, ат жалын тартып мінетін ордабұзар шақтағы біздің мемлекетіміз үшін дәл осындай өзгерісті қоғам талап етті. Ел тағдырына елеңдеген азаматтар кешегідей тарихи күнде өз таңдауын жасады. Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу – әлемдік тәжірибеде бұрыннан бар. Демократиялы елдер­дің ішінде Швейцарияны айтуға болады. Ол елдің аза­маттары аймақтық және ұлттық мәселелер бойынша референдумға белсенді қатысып, қоғамның жақсы жаққа өзгеруіне өз үлесін қосып отырады. Біздің ел де рефе­рен­думнан көп жаңалық пен жақсылық күтіп отыр.

Жұлдыз ҚОЖАБЕКОВА, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты