Атырау тұрғыны төленбеген 106 айыппұлы бар көлікті сатып алған
Атырау тұрғыны төленбеген 106 айыппұлы бар көлікті сатып алған
Фото: yandex.kz
164
оқылды
Атырау тұрғыны 3 миллион теңгеге жуық айыппұлы төленбеген көлікті сатып алғанын білмеген. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Грузияда тіркелген көліктің төленбеген 106 айыппұлы бары анықталған. «Полицейлер 6 маусым күні сағат 12.00 шамасында Toyota Highlander автокөлігін тоқтатқан. Көліктің рулінде 1998 жылы туған жүргізуші болды. Грузияда тіркелген көліктің 2 млн 937 мың 417 теңге көлемінде төленбеген 106 айыппұлы бары, сақтандыру жүйесінде ақпарат тіркелмегені анықталды», – деді полицейлер. Сондықтан автокөлік иесіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 230-бабы 2-бөлігімен хаттама толтырылды. Көлік арнаулы тұраққа қойылды. Көлік жүргізушісі көлікті 2-3 күн бұрын сатып алғанын және 106 айыппұлы барын білмейтінін айтқан.