Семейде із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды
Семейде із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды
Фото: yandex.kz
140
оқылды
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды. Биыл 2 маусым күні полицияға хабарласқан әйел ағасы жоғалып кеткенін айтты. 55 жастағы ер адам Жоламан көшесінде орналасқан үйінен шығып кетіп, сол күйі қайта оралмаған. Іздестіру нәтижесінде, қала аумағынан жоғалған адамның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адамның өліміне не себеп болғаны сараптама нәтижесінен кейін анықталады.