Қостанайда мемлекеттік мекеменің лауазымды қызметкерлері адам саудасына қатысты күдікке ілінді
Қостанайда мемлекеттік мекеменің лауазымды қызметкерлері адам саудасына қатысты күдікке ілінді
Фото: sofrep.com
394
оқылды
Қостанай облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ лауазымды адамдарына қатысты адам саудасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Antikor news хабарлады. Олар облыстың әлеуметтік мекемесінде мемлекеттің қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз азаматшаны Нұр-Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде пайдалану үшін табыстады деген күдікке ілініп отыр. Күдіктілердің бірі соттың санкциясымен үй қамауына алынды. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.