Көлсайда ілбіс фототұзаққа түсті – видео
Көлсайда ілбіс фототұзаққа түсті – видео
Фото: interesting-information.ru
546
оқылды

«Көлсай көлдері» ұлттық саябағында ілбіс фототұзаққа түсті. Ілбістің видеосын Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Instagram-дағы парақшасында жариялады. «Қар ілбісінің ұрғашысы және оның бір жасар аланы «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің бейнетұзағына ілінді. «Қызыл кітапқа» енген жануар бұған дейін де фототұзаққа бірнеше рет түскен болатын» делінген ресми хабарламада.