Қосшы қаласында полицей шетелде жүрген азаматқа айыппұл салған  
Қосшы қаласында полицей шетелде жүрген азаматқа айыппұл салған  
Фото: exk.kz
149
оқылды
Қосшы қаласында учаскелік полиция инспекторының жұмысына қатысты тексеру басталды. Қосшы қаласы прокуратурасының мәліметінше, былтыр мамыр айында Целиноград аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы С. есімді азаматқа қатысты тыныштықты бұзғаны үшін хаттама толтырған. Бірақ прокуратура осы істің заңдылығын тексеріп, бұл адамның Ресейде болғанын және әкімшілік құқықбұзушылық жасамағанын анықтады. «Қосшы қаласының соты прокурордың наразылығы бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық 437-бабы 2-бөлігі бойынша С.-ны әкімшілік жауапқа тарту туралы қаулы іс жүзінде құқықбұзушылық болмаған соң тоқтатылды. Сот шешімі 3 мамырда заңды күшіне енді» делінген ресми хабарламада. Полицейге қатысты Қылмыстық кодекстің 369-бабының 2-1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтың «қызметтік жалғандық» белгілері, яғни құқық қорғау органы қызметкерінің ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізуі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Соңғы шешімді сот шығарады.