1 млн доллар талап еткен «құқық қорғау органдарының қызметкерлері» қылмыс үстінде ұсталды
1 млн доллар талап еткен «құқық қорғау органдарының қызметкерлері»  қылмыс үстінде ұсталды
© iguides.ru
370
оқылды
Өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, күзет фирмасының басшылығынан олардың қаржылық қызметіндегі бұзушылықтар туралы әшкерелейтін материалдарды таратпағаны және жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион АҚШ долларын талап еткен алаяқтар тобы әшкереленді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.  Алаяқтар тобы фирманың өкілінен 600 мың АҚШ долларын алу сәтінде ұсталды.
"Соттың санкциясымен қылмысты ұйымдастырушыға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері кешені жүргізілуде. Топтың осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексерілуде", - делінген хабарламада.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.