Apple компаниясы iOS 16 операциялық жүйесін жаңартты. Енді iPhone-да қазақ тілі пайда болады.
Бұл туралы Apple өзінің ресми сайтында хабарлады.
«Операциялық жүйе жаңа тілдермен толықты. iOS 16-да қазақ және болгар тілдері болады», – делінген хабарламада.
iOS 16-да қазақ тілінде мәзір және теру кезінде қазақ тілін автокоррекциялау функциясы қолжетімді болады.
Бұған дейін 2019 жылы iOS 13-те қазақша пернетақта пайда болған еді.