«Көкшетаулық терминатор кім?»: Көкшетауда түн ортасында тыржалаңаш ер адам көше кезді
«Көкшетаулық терминатор кім?»: Көкшетауда түн ортасында тыржалаңаш ер адам көше кезді
482
оқылды
Көкшетауда тыржалаңаш адам түн ортасында көше кезіп жүргені бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Әлеуметтік желілерді кезіп кеткен бейнежазба қала тұрғындарының жағасын ұстатты, - деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Оқиға Көкшетау қаласының Боровской, 76 мекенжайында орналасқан Жанайдар Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжі жатақханасының алдында болғаны айтылады. Сондай-ақ желідегілер жігіттің күнделікті осындай оғаш қылық жасайтынын жазды. Әзірге Ақмола облысы полиция департаменті бұл оқиға бойынша тек тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасына видеоға түсіп қалған ер адамның жеке басын анықтау бойынша шараларды жүргізіп жатыр», - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.
Полиция болған оқиға бойынша барлық деректі «Терминатордың» кім екенін анықтаған соң беретінін мәлімдеді.