Елімізде тұрғын үйді жалдау субсидиясына 19 мың адам өтінім берді
Елімізде тұрғын үйді жалдау субсидиясына 19 мың адам өтінім берді
© inbusiness.kz
168
оқылды
Елімізде үй арендасын субсидиялау бойынша 7 маусымға дейін берілген өтінімдер саны – 19 285, олардың 4750-і мақұлданды, – деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда 10 117 өтініш қабылданбады. Бас тарту себептері әртүрлі. Олардың көпшілігі тіркеу кезінде СМС арқылы жіберілген кодты енгізбеген. Өтінім қабылданбауының жиі кездесетін себептері: жеке куәлігінің жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі, өтінім берушінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің болуы, үй кезегіне тіркелмегені, Мемлекеттік кірістер комитетінде қарызының болуы, оларға төлем талабы-өкімдерінің берілгені. Әзірге қабылданбаған өтінімдер арасында:
  • Алушының немесе отбасы мүшелерінің деректерін тексеру бойынша – 836,
  • Табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетуі – 782,
  • Қатысушының өзі күшін жойғандар – 1887 және т.б.
Еске сала кетейік, жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасы биыл 18 сәуірде іске қосылған болатын.