Таразда зағип ер адамды тонаған жігіт ұсталды
Таразда зағип ер адамды тонаған жігіт ұсталды
322
оқылды
Таразда саябақта отырған зағип ер адамды тонаған жігіттің әрекеті видеоға түсіп қалды. Тараз қалалық полиция жедел басқару орталығына 58 жастағы жергілікті тұрғыннан шағым түскен. Ол белгісіз азаматтың ұялы телефонын ұрлап, қашып кеткенін айтқан. Күдікті орындықта отырған қарияның зағип екенін байқап, қолынан құны 67 000 теңге тұратын ұялы телефонын тартып алып кеткен.
«Тараз қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде күдікті тез арада ұсталды. Ол облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдер иесіне қайтарылды», - деп жазды ведомстводан.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша соталды тергеу басталды.