Ләйлә Сұлтанқызы ауладағы жұмысшы әйелді адам танымастай өзгертті
Ләйлә Сұлтанқызы ауладағы жұмысшы әйелді адам танымастай өзгертті
6,083
оқылды
Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қара жұмыс істейтін келіншектің сырт келбетін өзгертіп, жаңа образ жасап берді. Жаңагүл есімді бұл әйел «Қазмедиа» ғимаратында көгалшапқыш болып жұмыс істейді. Үш баланың анасы. Жолдасы екеуі күн сайын жұмысқа келу үшін 100 шақырымдай жол жүреді.
«Жаңагүлмен – жаңа күн. Әр шығарылым сайын кез келген әйелге менімен бірге бір күн өткізіп, кәсіби мамандармен жұмыс істеп, өзін басқа қырынан көруге мүмкіндік береміз. Ал бұл шығарылымның басты кейіпкері – «Қазмедианың» маңайында көгалшапқыш боп жұмыс істейтін Жаңагүл есімді келіншек. Жасы 26-да, 3 баланың анасы. Жолдасы екеуі күнделікті қалаға жұмысқа келу үшін 100 км жол жүреді екен. Соның барлығын саралап, осындай сыйлық жасағым келді”, – деп жазды тележүргізуші.
Ол осылайша қарапайым жұмысшы әйелге жаңа образ сыйлады. Желі қолданушылары пікір жазып, алғысын айтты.
«Алла риза қылсын сізді, Лəйлə ханым. Қандай күшті», «Боянбаса да әдемі, жаным, шаршағаннан қалғып кетіп жатыр», «Керемет! Алла тағалам ниетіңізге берері мол болсын», «Күшті, мен де өзгеруден бас тартпас ем. Бір сәтке болса да», «Керемет бір адамға жақсы көңіл-күй сыйлаған», «Мен де солай өзгергім келеді», «Керемет сезім ғой. Расында барлығы бала үшін тырбыңдаған ата-аналар», – деп жазды тележүргізушінің әлеужелідегі оқырмандары.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)