Алматы облысында ағасы қонаққа келген інісін пышақтап өлтірген
Алматы облысында ағасы қонаққа келген інісін пышақтап өлтірген
208
оқылды
Алматы облысы Қарасай ауданында 5 маусымда Бұлақты кентіндегі жеке үйлердің бірінен 41 жастағы ер адамның денесі табылған. Сот сарапшыларының алдын ала қорытындысы бойынша, жәбірленуші жүрек тұсынан пышақталған. Жәбірленуші Ақтөбе облысының тумасы болып шыққан. Ол ағасына қонақ болып келген. Ағасы жалдамалы пәтерде азаматтық некедегі жұбайымен бірге тұрған. Ведомство мәліметінше, бөлмелердің күйіне қарағанда, үйде ішімдік ішілген. Сонымен қатар, оқиғаға қатысы бар екінші адам белгісіз бағытқа қашып кеткен.
"Іздестіру топтары жергілікті жерді қарады. Жақын маңдағы барлық елді мекен тексерілді. Нәтижесінде, күдікті көрші ауылдың көшелерінің бірінен табылды. Ер адам жәбірленушінің 52 жастағы ағасы болып шықты. Екеуінің арасында жанжал туындаған, арты қайғылы оқиғаға ұласқан", - деді полицейлер.
Күдікті қамауға алынды. Оқиға орнынан бірнеше ас үй пышағы табылған, олардың бірі қылмыс құралы болған. Қажет сараптамалар тағайындалған. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша жүргізіліп жатыр.