Ұлытауға жасалған құрмет
Ұлытауға жасалған құрмет
256
оқылды
Қарағанды облысын бөлу туралы шешімді Президент уақытылы қабылдады деген ойдамын. Бұл Ұлытау облысының дамуына серпін береді. Жалпы, Қарағанды облысы қаржы түсімдерін жоғалтады және сол арқылы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыра алмайды деген жаңсақ пікірлер бар. Бірақ халықпен кездесулердің бірінде Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыс экономикасы зардап шекпейтініне сендірді. Жезқазған қаласына іссапарлардың бірінде қала тұр­ғын­дарымен сөйлескенімізде олар­дың Ұлытау облысының құрылуына қуанышты екеніне куә болдық. Мемлекет басшысының бұл шешімін өз басым киелі Ұлытауға жасалған тағзым һәм құрмет деп бағалаймын.

Рустам ЖАМЛИХАНОВ, «Жаңа ФМ» радиосының редакторы