Әлемдік Гран-приде жүлде салды
Әлемдік Гран-приде жүлде салды
171
оқылды
Болгарияда паратаеквондодан «София-2022» Гран-при турнирі өтті. Жарысқа әлемнің 25 мемлекетінен 85 спортшы қатысты. Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының хабар­лауынша, бұл дода Париж-2024 Паралимпиада ойындарының алдындағы ірі іріктеу жарысы болды. Турнирде ел намысын төрт спортшы қорғап, екеуі қола жүлдеге ие болды. Ерлер арасын­дағы +80 келі салмақтағы бәсекеде Нышан Өмірәлі қола медаль алды. Ол Жапониядан келген таеквондо­шыны жеңіп, жартылай финалда Өзбекстан спортшысына есе жібер­ді. Ал әйелдер арасында 57 келі салмақта Кәмиля Досмалова жартылай финалда Түркия спорт­шысына жол беріп, қола медальға қол жеткізді.