Аймақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті
Аймақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті
«AMANAT» партиясы Аты­рау облыстық филиалы жа­нын­дағы Отбасы және халық­ты әлеуметтік қорғау мәсе­лелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. «AMANAT» партиясының Аты­рау облысы бойынша «Өзге­рістер жолы: Әр азаматқа лайық­ты өмір!» атты сайлауалды бағ­дар­ла­масы аясында жүзеге асырылуы тиіс іс-шаралар жос­пары жасал­ған болатын. Соған сәйкес өңір­дің Жол картасы жасақ­талып, оның екінші тоқ­сан­­дағы орын­далу ба­рысы тал­қыға түсті. Сон­дай-ақ өңір хал­қын, оның ішінде жастар қауы­мын жұмыспен қамту мәсе­лесіне айрықша көңіл ау­дарылды. Осы тұрғыдан алғанда, жұмыс беру­шілерден түскен бос жұмыс орын­­дарына және элек­трондық еңбек биржасында көр­сетілген орындарға азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде есептер тыңдалды. Сондай-ақ облыстың орта мек­тептеріндегі учаскелік поли­ция инспекторларының жұмысы сарапқа салынды. Одан бөлек, отбасын нығайту институты ту­ралы, зорлық-зомбылықтың ал­дын алу мақсатындағы заң жо­басы талқыланды. Күн тәр­тібінде қа­рал­ған мәселелерге қа­тысты Аты­рау облысы Жұ­мыспен қам­туды үйлес­тіру және әлеу­меттік бағдар­лам­алар бас­қармасы бас­шысының орын­басары Еркебұлан Абылхасимов пен Атырау облысы Полиция департаментінің жер­гі­лікті поли­ция қызметі басқарма­сы­ның бас­шысы Әлібек Қайыров баян­дама жасады. Қоғамдық кеңес отырысында кеңес мүшелері талқыланып жат­қан мәселелерге қатысты өз ұсы­ныстары мен пікірлерін айтып, талап-тілектерін жеткізді.