Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина сарапшылар тобымен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен және парламентшілердің азаматтық қоғам көшбасшыларымен өзара іс-қимылын одан әрі күшейту мәселесін талқылады. «Қазақстан Парламентінің Сенаты қоғам белсенділерімен және сарапшылармен қарқынды әрі сындарлы жұмыс жүргізуге дайын. Біздің палата жанында азаматтық қоғаммен, оның ішінде өңірлермен өзара іс-қимыл жасау жөнінде бірқатар алаң құрылды. Сенаторлар алдағы кезеңде бұл істі «Өңір» тобы, Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес, Жас сарапшылар клубы және басқа да құрылымдар аясында жалғастыратын болады», – деді Төрағаның орынбасары. Кездесуге қатысушылар Парламент Сенатының заң шығару қызметі аясындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін қозғады және осы жұмысты жалғастыруға әзірлігін білдірді. Шараға Парламентаризмді дамыту жөніндегі қоғамдық қордың президенті Зәуреш Батталова, Kazbrands қоғамдық қорының президенті Жаңыл-бике Қайкенова және Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева қатысты.
Г.БЕКТҰР