Сайлауалды бағдарламадан серпін
Сайлауалды бағдарламадан серпін
241
оқылды
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Сауран секторының тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыс­тар мен алдағы жоспарлар ту­ралы ой бөлісті. Мұнда қоз­ғалған мәселелер «AMANAT» пар­тиясының сайлауалды бағ­дарламасына да енгі­зілген. Бұл шаһар басшысының жыл басынан бергі Сауран секторын­дағы үшінші кездесуі. Ақпан және наурыз айларында тұрғындармен кездесу барысында көтерілген 88 мәселенің қазір 82-сі нақты ше­шімін тапқан, үшеуі орындалу үс­тінде, тағы үшеуі заңдылық тұр­ғы­сынан зерделеніп жатыр. Әкімнің айтуынша, Сауран тұр­ғын үй алабында 15,8 шақы­рым­ды құрайтын 28 көшеге тас төселген. Оның ішінде М.Төле­баев, Алпамыс батыр, А.Жұбанов, Желтоқсан, М.Мәжит және СМП-313 аумақтары бар. Әйтсе де, сар­қынды су жүйесі толық жүр­гізілме­ген кей көшелерге әзір­ге тас төсеу және асфальттау жұмыс­тарын жүргізу мүмкін болмай отыр екен. Сонымен қатар жалпы ұзын­ды­ғы 35,9 шақырым болатын 31 көшеге жарықшамдар орнатылған. Қазір енді оларды кезең-кезеңімен электр көзіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Б.Майлин – Ә.Жангелдин көшелері аралығына жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салынды. «Түркістан қаласы бойынша 2022 жылы 100 аялдама орнату және 50,3 шақырымды құрайтын 41 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол салу жоспарланған. Қазіргі күні соның 75 аялдамасы ор­натылды, 21,2 шақырымды құ­рай­тын жаяу жүргіншілер жолы тө­селді. Барлық жұмыстар толы­ғы­мен алдағы шілде айында аяқ­талады»,– деді қала басшысы. Одан бөлек, биыл тасымал­даушы мекемелер 40 автобус сатып алып №6, 10 маршруттарды жаңар­туды, оған қосымша №16, 17 ба­ғыттарды іске қосуды жос­пар­ла­ған болатын. Бүгінге дейін 10 ав­тобусы алынып, олар №6 ба­ғытта қызмет көрсетуге жіберіл­ді. Әкімнің айтуынша, шаһарды абаттандыру бойынша да қарқын­ды жұмыстар атқарылуда. Мы­салы, 1-мөлтек ауданында спорт алаң­дарын салу, аумақты асфальт­тау және жаяу жүргіншілер жолда­рын төсеу, жарықшамдар орнату, т.б. жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде бұл жұмыстардың 80 пайызы орындалған. Жоспар бойынша барлық жұмыстар шілде айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Одан кейін 2-мөлтек ауданда абаттандыру жұмыстары бастал­мақшы, қазір оған қажетті қаржы қарастырылып жатыр. Онда құ­рылыс жұмыстары шілде айының ортасында басталады деп жоспар­ланған.