Алматы қалалық сотының судьясы сот отырысынан кейін кенеттен қайтыс болды
Алматы қалалық сотының судьясы сот отырысынан кейін кенеттен қайтыс болды
© әлеуметтік желіден алынды
226
оқылды
Алматы қалалық сотының судьясы Біржан Кәрібжанов сот отырысынан кейін кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Елдос Жұмақанов Facebook  парақшасында жазды.
"Бүгін Алматы қалалық сотының судьясы, досым және әріптесім Біржан Кәрібжанов сот отырысынан шыққаннан кейін есінен танып қалған.  Өкінішке қарай, дәрігерлер оны құтқара алмады. Иманды болсын. Ол небәрі 50 жаста еді",  –  деп жазды Жұмақанов.
Ол судья Біржан Кәрібжановтың Абай өлеңдерін оқыған видеосымен де бөлісті.