Қырғызстандағы таудан асылған күйі табылған сарбазға жасалған сараптама нәтижесі шықты
Қырғызстандағы таудан асылған күйі табылған сарбазға жасалған сараптама нәтижесі шықты
© halyq-uni.kz
256
оқылды
Қорғаныс министрлігі "Әскерде нөлдік өлім" бағдарламасын әзірлемек. Бұл туралы  министр Руслан Жақсылықов  айтты. Соңғы кезде сарбаздардың жұмбақ өлімі жиілеп кетті. Министр   жаңа бағдарлама арқылы сол мәселені шешемін деп отыр.   Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлайды. 
"Әскерде нөлдік өлім". Қорғаныс министрінің айтуынша,  бұл жаңа бағдарлама   әскерде тәртіп орнатады.  Жеке құрамның қаза болуы мен жарақаттану себептеріне жан-жақты талдау жүргізіледі, шаралар кешенін әзірлейтін жұмыс тобы құрылады. Бағдарламаны әзірлеуге Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғаларын, ардагерлер ұйымдарын, білім беру және медициналық мекемелердің өкілдерін, психологтерді   тарту көзделуде ,  – дейді тілші.
Соңғы уақытта жиілеген әскердегі келеңсіздіктер ешкімді бейжай қалдырып отырған жоқ. Премьер-Министрдің  орынбасары Ералы Тоғжанов та оған алаңдаулы.   Оның айтуынша, әскерилердің жиі қаза табуына Қорғаныс министрлігі тікелей жауапты.
"Менің ойымша, мерзімді әскери қызметтен бас тарту дұрыс емес. Жастар әскери борышын өтеуі керек. Тағы бір мәселе, барлық мүдделі мемлекеттік орган, бірінші кезекте Қорғаныс министрлігі осы жігіттердің бәрінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті", –  деді Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.
"Әскери міндетін өтеген дұрыс-ау, бірақ борышын өтеуге кеткен баламыздан қапыда айырылып қалып, әлі есеңгіреп отырмыз", –  дейді Қырғызстанда тауда асылып, қаза тапқан Ұлыбектің анасы. Оған қатысты сараптама нәтижесі шыққан. Алайда сарбаздың ата-анасы ондағы жазылғандармен келіспейді.
"Экспертизаға мүлде көңілім толып отырған жоқ. Бұл экспертизаны қайтадан жасатамын. Қырғызстандікі әлі шыққан жоқ, сол жақтан келсін деп күтіп отыр. Қырғызстан жағымен   бірдей болып, наша  пайдаланды деп шықса мен қайтадан жасатамын", –  дейді Ұ.Бердішевтің анасы Орынкүл Мерекова.
"Мерзімді әскери қызметке жыл сайын 35 мыңға жуық адам  шақырылады. Енді әскери қызметшілердің қазасы мен жарақаттануына  жол берілмейді, әскердегі барлық лауазымды азаматтар мұндай жағдайларды болдырмау үшін қажетті шаралар қабылданады", –  деді министр.