СҚО-да ата-анасы 5 жасар қызын балабақшадан алуды ұмытып кеткен
СҚО-да ата-анасы 5 жасар қызын балабақшадан алуды ұмытып кеткен
© inbusiness.kz
240
оқылды
Петропавлда ерлі-зайыптылар баласын балабақшадан алып кетуді ұмытып кеткен, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.  Балабақша қызметкерлері тәртіп сақшыларына 5 жасар қызға ешкім келмегенін айтқан. Кішкентай қызбен бірге ювеналды полиция қызметкерлері баланың тұрғылықты жеріне келген. Онда олар ата-анасының мас күйде ұйықтап жатқанын көріпті.
«Пәтерде бөтелкелер шашылып, астаң-кестеңі шығып жатты. Әкесі мен анасына қатысты «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу мен оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша әкімшілік материалдар жиналып, Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына берілді. Бұл ата-ана тарапынан жасалған екінші құқықбұзушылық», – деп түсіндірді кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Динара Мұқанова.
Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесінде барлығы 242 тұрмысы нашар отбасы есепте тұр. Биыл солтүстікқазақстандық 26 ата-ана құқығынан айырылса, алтауына шектеу қойылды. Ата-аналық міндеттерін орындамау фактісі бойынша 418 материал жиналды.