Петропавлда қылмыстық топ 1,4 миллиард теңге банк қаржысын қолма-қол ақшаға айналдырған
Петропавлда қылмыстық топ 1,4 миллиард теңге банк қаржысын қолма-қол ақшаға айналдырған
© almaty.tv
154
оқылды
Екінші деңгейлі банктердің қаражатын жүйелі түрде қолма-қол ақшаға айналдыру фактісін Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті анықтады.  
"2018-2020 жылдар аралығында Петропавл қаласының тұрғыны коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару мақсатында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жөнелтпей, бақылауындағы коммерциялық компаниялар арқылы жалпы сомасы шамамен 1,4 млрд теңгеге жалған шот-фактура беру мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ ұйымдастырып, оны басқарғаны анықталды", –  делінген хабарламада.
Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің  мүлкі тәркіленіп, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Петропавл қалалық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды.