Ақтауда TikTok-қа түсемін деп суға батып кеткен колледж студентінің мәйіті 6 метр тереңдіктен табылды
Ақтауда TikTok-қа түсемін деп суға батып кеткен колледж студентінің мәйіті 6 метр тереңдіктен табылды
© sn.kz
290
оқылды
Ақтауда суға батып кеткен жігіттің денесін бүгін, 8 маусым күні сүңгуірлер 6 метр тереңдіктен тапты. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, – деп хабарлады  Lada.kz. Таңертеңгі сағат 07.33 шамасында құтқарушылар суға батып кеткен 2004 жылы туған жігіттің денесін тапты. Құтқарушылар жігітті 15-шағынауданға жақын жағалаудан теңіздің 6 метр тереңдігінен тапқанын айтты. 7 маусым күні Ақтауда 15-шағынауданға қарама-қарсы аумақта Бейнеу ауданының тумасы, 2004 жылы туған жігіт суға батып кеткен еді. Жас жігіт – Маңғыстау өнер колледжінің 1-курс студенті. Жатақханада тұрған.