Ерлан Қошанов депутаттарды референдумның сәтті өтуімен құттықтады
Ерлан Қошанов депутаттарды референдумның сәтті өтуімен құттықтады
Фото: facebook.com/mazhilis.kz/
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов  палатаның пленарлық отырысында депутаттарды референдумның сәтті өтуімен құттықтады. 
"Ең алдымен баршаңызды Қазақстанның жаңартылған Конституциясымен құттықтаймын! Өткен референдумның қорытындысы қазақстандықтардың басым көпшілігі Президенттің жаңғыру бағытындағы бастамаларын қолдайтынын көрсетті. Азаматтарымыздың сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруі – Қасым-Жомарт  Тоқаевтың бастамаларына деген сенімінің жарқын көрсеткіші. Шынын айту керек, үлкен іс атқарылды.  Ел болып жұмылып, референдумды абыроймен атқардық. Осы жұмыстың бел ортасында өздеріңіз де жүрдіңіздер. Депутаттар күніне 250-ге жуық кездесу өткізді. Сіздер Президент реформаларын халыққа түсіндіруге зор үлес қостыңыздар. Сол үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін",–   деді ол.