«Банк қызметкерімін» – алаяққа сенген тұрғын 3 миллионға жуық теңгесінен айырылды

«Банк қызметкерімін» – алаяққа сенген тұрғын 3 миллионға жуық теңгесінен айырылды
Фото: yandex.kz

Ақтөбелік тұрғын «банк қызметкерімін» деген алаяққа сеніп, қомақты қаражатынан айырылды, – деп жазады Polisia.kz.

28 жастағы ақтөбелікке «банк қызметкерімін» деп өзін таныстырып, сеніміне кіріп, картадан 3 миллион теңгеге жуық ақшасын шешіп алған.

Факті бойынша ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция жеке шоттар мен карталарға қатысты SMS-код және басқа да дербес ақпаратты бөгде адамға айтуға болмайтынын ескертеді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.