Әскердегі проблеманы екі аптада бір рет айтып отырамын – Қорғаныс министрі уәде берді  

Әскердегі проблеманы екі аптада бір рет айтып отырамын – Қорғаныс министрі уәде берді  

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бұдан былай әскердегі проблеманы ашық айтамын деп уәде берді. Сол үшін әскердегі проблемаларға арналған брифинг тұрақты түрде өткізілмек. «Екі аптада бір рет БАҚ-қа арналған ресми брифинг өткізуді жоспарлап отырмыз. Брифингте жеке өзім, орынбасарларым және басқа да жауапты офицерлер журналистердің сұрағына жауап береді. Мәселе ашық айтылса, соған сай түсіністік қалыптасады, – деді министр. Бұған дейін Қорғаныс министрі сарбаздар туыстарынан неге ақша сұрайтынын айтқан еді.