Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған концерт өтті
Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған концерт өтті
332
оқылды
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Роза Бағланованың 100 жылдығына орай, «Песня не прощается с тобой» атты әлем халықтарының музыкасына арналған концерт өтті. Концертте Мемлекеттік филармонияның үрмелі аспаптар оркестрі көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлап, қазақ, орыс, поляк, француз, корей, итальян,  т.б. ұлт әндерін тамаша орындады. Кеште корей халық әні – «Ариран», Д.Сузан – «Звезды и полосы», Карл Тейк  –  Alte Kameraden, «Қазақстан күйлері», Наоми Шемер (Израиль) – Yerushalaim (Алтын Йерусалим), «Эдит Пиаф»    (Франция) – орыс халық әні  «Ах , Самара»,  украин халық әні – «Червона калина», Хосе Мария Кано (Португалия) – Hijo de La luna» (Айдың ұлы), «Монюшка» – Польша, Т. Мұхамеджанов, Б.Тәжібаев – «Іңкәрім-ай»,  М. Магомаев – «Әзербайжан»,  Фрэнк Синатра (США) – «Мой пусть», Консуэло Веласкес (Мексика) – Bessame mucho (Мені көп сүйіңіз), Жорж Гарваренц (Франция) – «Мәңгілік махаббат», Е.Хасанғалиев (Қазақстан) – «Алматының алмасы», Франц Легар (Франц Легар) – Dein ist mein, Александра Пахмутова, Николай Добронравный (Беларусь) – «Беловежская пуща», Чехия – «Карнавал», Абай (Қазақстан) – «Желсіз түнде жарық ай», Луиджи Денца (Италия) – Fu niculì Funiculà әндері орындалды. Концерт оркестрдің көркемдік жетекшісі, әрі бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Қанат Ахметовтің басқаруымен өтті. Сондай-ақ Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері  Игорь Благодарный, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты атанған  Береке Енкебаева, Нұрғалым Аманбайлар көрерменнің көңіл күйін дөп басып, өнердің биік шыңына самғатты. Кеш соңы А.Островскийдің «Песня не прощается с тобой» әнімен аяқталды. Аталмыш концерт Алматы қаласының тұрғындары мен меймандарына ерекше көңіл күй сыйлады. Филармонияның үлкен залы көрерменге лық толды. Бұл кеште орындалған түрлі әндер мен мағынасы терең шығармалардан керемет ләззат алып, әрбір туындыны ұйып тыңдаған көрермен классикалық өнердің құдіретіне тәнті болып қайтты.  width= Айта кету керек, 2021 жылы 24 қарашада ЮНЕСКО-ның (БҰҰ Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы) 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданып, оған Қазақстанның ұсынысымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Роза Тәжібайқызының 100 жылдығы енген болатын.