Ақмола облысында бензиннен уланған бала қайтыс болды
Ақмола облысында бензиннен уланған бала қайтыс болды
Фото: partygorsk.com
230
оқылды
Ақмола облысында 14 жастағы жасөспірім бензиннен уланды. Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 15:00-де Бұланды аудандық полиция бөліміне аудандық аурухананың медбикесі телефонмен хабарлап айтқан. 2008 жылы туған жасөпірім «бензиннен улану» диагнозымен ауруханаға жеткізілген. Ол ауруханада қайтыс болды. Тергеушілер оқиға орнын тексеріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция куәгерлерден жауап алып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.