Алматыда жыландар көбейіп кетті – тұрғындар  
Алматыда жыландар көбейіп кетті – тұрғындар  
Алматыда көпқабатты үйлердің кіреберісі мен жертөлелерінде, маңындағы шөптердің арасында жыландар өріп жүр. Қала тұрғыны үйлердің арасындағы жыландардың видеосын әлеуметтік желідегі парақшасына салды. Ол түсі суық жәндіктің айналада көбейе бастағанын айтады.
«Мен біздің ауданда жыланды жиі көрем. Олар көпқабатты үйлердің маңында жүреді. Біз қаланың шетінде тұрамыз. Айналамызда бос жатқан жер көп. Мүмкін сол жақтан келетін шығар. Балам баратын балабақшада да жыландар шығыпты деп естідім. Балаларымыздың қауіпсіздігіне алаңдай бастадық», – дейді «Зерделі» шағын ауданының тұрғыны Әйгерім Абдан.