Қостанайлық тұрғын досын өлтіріп, денесін екі ай бойы үйінде сақтаған
Қостанайлық тұрғын досын өлтіріп, денесін екі ай бойы үйінде сақтаған
220
оқылды

Досын өлтіріп, мәйітін екі ай бойы үйінде ұстаған адам сотталды, деп хабарлады Хабар 24.

Қостанайлық тұрғын былтыр желтоқсан айында досымен төбелесіп, оны темір құбырмен ұрып өлтірген. Келесі күні мәйітті жазғы ас үйде жасырған. Туыстары мен полицейлердің жәбірленушіні іздеп жатқанын естіп, денені үйінен 300 метр жерде қармен көміп тастаған.
Прокурорлар күдіктіге қатысты 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сот бұл талапты толық қанағаттандырды.
Сонымен қатар сот жәбірленуші тарапқа төрт миллион теңге моральдық өтемақы төлеуді міндеттеді.
"Алтынсарин аудандық соты қасақана адам өлтіргені үшін аудан тұрғынын 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Жәбірленуші тарапқа мүліктік зиян мен моральдық өтемақы төлеуді міндеттеді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деді облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Зәуре Едікова.
https://www.youtube.com/watch?v=OwvY8baARYA&feature=emb_title