Қарағанды ​​облысында үш күн бойы иен далада адасып жүрген ер адамдар құтқарылды
Қарағанды ​​облысында үш күн бойы иен далада адасып жүрген ер адамдар құтқарылды
Қарағанды облысы Приозерск қаласынан Қаражал қаласына қарай автокөлікпен жолға шыққан екі адам дала кезіп үш күн жүрген.  3 маусымда шамамен жолдың ортасында олардың көлігі бұзылып қалған. Қалаға жаяу қайтуға бел буған екеуі адасып қалған.
"Ер адамдар бірге 100 шақырымдай жол жүрген. Біреуі әбден шаршап, қараусыз қалған ғимаратта қалуды ұйғарған. Ал екіншісі ары қарай жүрісін жалғастырған. 6 маусымда таңертең қараусыз қалған ғимараттағы ер адам аз уақытқа қуаты біткен телефонын қосып, бізге хабарласып үлгерді. Ол өзінің шамамен орналасқан жерін хабарлап үлгерді", - деді Приозерск қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Мақсат Абюров.
Құтқарушылар жоғалған ер адамдарды жеті сағаттан кейін тапқан. Оның серігі 15 шақырым жерден табылды.
"Іздеуге хабарланған координаттардың дәл болмауы кедергі келтірді. Бұл аумақта қараусыз қалған ғимараттар жиі кездеседі, әрбір ғимаратты тексеру өте ұзақ уақытты алады. Ер адам от жаққаны дұрыс болған. Сигналды көріп, соған қарай жүрдік. Екеуі де шаршап, сусыз, тамақсыз көп уақыт жүрді. Жол бойы бізге алғыс айтты, жылап, қуанды. Біз олармен бірге қуандық", – дейді Мақсат Абюров.