Чемпиондарды нокаутқа түсіргім келеді – Жәнібек Әлімханұлы
Чемпиондарды нокаутқа түсіргім келеді – Жәнібек Әлімханұлы
460
оқылды
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) чемпиондарды нокаутқа түсірген кезде ғана жеңістерін тойлайтынын айтты. Бұл туралы ол The Ring басылымына берген сұхбатында айтты.
"Қазақстанда менің әрбір жеңісім мереке, барлығы мені құттықтайды. Шынымды айтсам, қазіргі жеңістеріме көңілім толмайды. Мен чемпиондарды нокаутқа түсірген кезде тойлаймын. Келесі қарсыласым әлем чемпионы немесе атақты боксшы болады деп сенемін. Мен [WBC титулының иегері Джермалл] Чарло мен [WBO титулының иегері Деметриус] Андрадені нокаутқа түсіремін. Содан кейін  Канело мен [Дэвид] Бенавидесті», - деді боксшы.
Еске салайық, Әлімханұлы екінші раундта британдық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутқа түсіріп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» чемпион атағын жеңіп алған.