Екі әйел алғысы келгендер ойлансын... – имам

Екі әйел алғысы келгендер ойлансын... – имам

Белгілі имам, діни ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы екі әйел алғысы келгендерге ақыл айтты. Ол мұны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Айша анамыздың (үшінші әйелі) үйінде болған кезде, Сафийа анамыз (он бірінші әйелі) тамақ пісіріп, беріп жіберген. Яғни, ол тамақ Айша анамыздың үйіне жеткізілді. Сол кезде Айша анамыз не істеді, ашуға беріліп, әлгі тамақты төңкере салды. Сол кезде пайғамбарымыздың реакциясы қандай болды? Ол «Бүгін Айша ашулы екен ғой» деп, төгілген тамақты теріп, жинай бастады. Міне, қазір кім осылай істей алады? Пайғамбарымыз ешқашан әйелдерін ұрып тәрбиелемеген. Мейірімін төге білген, еркелеткен. Енді екі әйел алғысы келетіндер ойлансын!» деді Қабылбек ұстаз.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Қабылбек Әліпбайұлы (@kabylbek_ustazz)