Аптап ыстықтан ақылы «Самара – Шымкент» автожолының бетон плиталары көтеріліп кетті – видео
Аптап ыстықтан ақылы «Самара – Шымкент» автожолының бетон плиталары көтеріліп кетті – видео
Фото: kz.qaj.kz
Оңтүстікте ыстықтан «Самара – Шымкент» күре жолдың бетон плитасы  көтеріліп, көліктердің жүруіне кедергі келтіріп жатыр. «Самара – Шымкент» жолының «Қызылорда – Шымкент» ақылы учаскесінде цемент-бетон плитасы көтеріліп кетті. Әлеуметтік желіде «Түркістан – Шымкент» арасындағы Төрткөл ауылы тұсындағы жолда цемент плитаның көтеріліп кеткені туралы видео тарады.   [caption id="attachment_200531" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: kz.qaj.kz[/caption] Жолдағы үлкен плиталар ажырап, көліктердің жүруіне кедергі келтірді. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева қазір «ШымкентЖолҚұрылыс» ЖШС мердігер ұйымы жолды қалпына келтіргенін мәлімдеді.
«10 жол қызметкері және 5 арнайы техника (3 самосвал, 1 тиегіш, 1 гидромолот) жұмылдырылды. Қажет жол белгілері орнатылды. Жергілікті полиция патрульдеу жүргізіп жатыр», – деді ол.