Балық аулап отырған 80 жастағы әйел Сырдарияға құлап кетті – видео
Балық аулап отырған 80 жастағы әйел Сырдарияға құлап кетті – видео
Фото: видеодан скриншот
369
оқылды
Қызылордада балық аулап отырған 80 жастағы әйел Сырдарияға құлап кеткен. Бұл туралы Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.   Құтқарушылар балық аулап отырып, дарияға батып кете жаздаған 80 жастағы әйелді судан аман-есен алып шықты. Кеше 1942 жылы туған әйел дарияның жағасында балық аулап отырған. Әйелдің айтуынша, аяқ астында өсіп тұрған тікенді жұлып алып тастамақ болған сәтте дарияға құлап кеткен.   «Сол маңайда төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқу-жаттығу өткізіп жатқан. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі жедел құтқару жасағының сүңгуір-құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Бағдат Әлжанов пен бөлімше құтқарушысы Еркебұлан Оразбеков әйелдің дарияға құлап кеткенін байқап, көмекке ұмтылған. Құтқарушылар кейуананың өмірін сақтап қалды», – деді департамент өкілі. [caption id="attachment_200534" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: ТЖД-нен алынды[/caption]