Журналист Оралхан Дәуіт жаңа қызметке тағайындалды
Журналист Оралхан Дәуіт жаңа қызметке тағайындалды
522
оқылды
Журналист Оралхан Дәуіт AULIEATA-MEDIA ЖШС-ның директоры болып тағайындалды. Оралхан Дәуіт 1976 жылы қазіргі Түркістан облысы Төлеби ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.    width= Еңбек жолын «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып бастап, «Оңтүстік Қазақстан»  газетінде жалғастырды. Республикалық «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан» газеттерінде,  Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді. "Ақ самаурын" жинағының авторы. «Айқын» ұжымы әріптесіміз Оралхан Дәуітке жаңа қызметте шығармашылық табыс тілейміз!