Алтынбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Алтынбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Фото: kapital.kz
884
оқылды
Мемлекет басшысының өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Айта кетейік, Президент өкімімен Нұрлан Қапанұлы Алдияров «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.