Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді.
Кездесу барысында елімізде инфрақұрылым, транзиттік тасымал, экономиканы көміртегінен арылту, экономика және қаржы секторы салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асырудың перспективалары талқыланды. Сондай-ақ олар әлемдік экономиканы дамытудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
[caption id="attachment_200569" align="alignnone" width="1200"]