Кәсіпкер Игорь Финогенов Президентке геологиялық барлау жүргізу және күн электр станцияларын салу туралы айтты
Кәсіпкер Игорь Финогенов Президентке геологиялық барлау жүргізу және күн электр станцияларын салу туралы айтты
Фото: akorda.kz
172
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысы қарсаңында Fortescue Future Industries компаниясының негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Эндрю Форресті, сондай-ақ «Полиметалл УК» акционерлік қоғамының президенті Игорь Финогеновті қабылдады.   [caption id="attachment_200573" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: akorda.kz[/caption] Эндрю Форрестпен кездесу барысында көміртегін аз пайдалана отырып даму мәселесі талқыланды. Бұл – Қазақстанның стратегиялық мақсаттарының бірі. Fortescue Future Industries компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Президентке компанияның еліміздегі жел энергетикасы және жасыл сутегін өндіру жобаларына инвестиция салу жоспары туралы айтты. Игорь Финогенов Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдегі ірі тау-кен және алтын өндіруші компаниялардың қатарына кіретін «Полиметалл УК» акционерлік қоғамының жұмысы туралы мәлімет берді. Кәсіпкер Мемлекет басшысына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және күн электр станцияларын салу жөніндегі жоспарын айтты.