Ғылымға көңіл бөлсеңіз
Ғылымға көңіл бөлсеңіз
Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан ғылымын дамытудың өзекті мәселелері» атты секциялық отырыс өтті. Отырыста сөз сөйлеген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов соңғы жаңалықтарға назар аударды. Қазір ғылыми зерттеулермен 22,4 мың ғалым айналысады. Қа­зақстан жарияланымдық бел­сен­ді­ліктің өсуі бойынша көш бастап тұр. Осы­лайша, Scopus деректер база­сында қазақстан­дық ғалым­дар­дың жарияланымдары 2011 жыл­мен салыс­тырғанда 34,5 есе, Web of Science де­ректер базасында 59 есе артқан. Кейінгі бес жыл ішінде қазақстандық ғалым­дардың әрбір бесінші жа­рияланымы әлемнің ғы­лыми журналдарының 25 пайы­­зында жарық көрді, ал 2019 жы­лы 7 қазақстандық ав­тор өзінің пән­дік саласындағы әлемдегі ең дә­йек­сөз жұмыста­рының 1 пайызына енді. Қазақстан ғылымын қан­дай өз­ге­рістер күтіп тұр? Бі­рін­шіден, 2025 жыл­­ға қарай ғылымды қаржылан­дыру ЖІӨ-нің 1 пайы­зына жетеді. Биыл алғаш рет ҒЗИ-ның ғы­­лыми инфра­­құ­рылымын жаңартуға қаражат бөлінді.
Енді ғылыми жобалар мен бағ­дар­ламаларды гранттық және бағдар­ламалық-ны­саналы қаржыландыру кон­курсы жыл са­йын өткізілмек. Дәстүрлі грант­­тардан басқа шағын грант­тар, жедел грант­тар, коллабара­цияға арналған гранттар ой­­на­тылады. Бағ­дарламалық-ны­­са­налы қаржы­ландыру нақты нә­тижелері бар нақты ғы­лыми-тех­никалық міндеттер не­гі­зін­де ғана бө­лінеді.
Былтыр қаржы бөлудің ашық­тығын арттыру үшін нормативтік салада көптеген жұмыс атқа­рыл­ды. Мәселен, жобалар мен бағ­дар­ламаларды қаржыландыру туралы алқалы шешім қабыл­дайтын, олар­дың іске асыры­луы­на мони­торинг жүргізетін ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге өзгеріс­тер енгізілді. Енді үміткер­лерді іріктеудің басты критерийі ретінде ғылыми жарияланым­дарының сапасына баса назар аударылады. Министрлік Scopus және Web of Science халықаралық базала­рының қатарына кіру үшін ең үз­дік журналдарды қаржылық қолдауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ ғылымды цифр­ландыру бойынша шаралар ­қа­­­былданады. Министрлік «ҰМҒТСО» АҚ қызметтерін сан­дық форматқа және автомат­тандырылған режимге ауысты­руды көздейді. Сондай-ақ докторанттарға оқу аяқталғаннан кейін ми­нистр­лік тарапынан төлемсіз тағы бір жыл беру жоспарланып отыр, оның ішінде оқуды жалғастыруға және санкциясыз қорғауға шы­ғуға рұқсат етіледі.
Алдағы уақытта білім деңгейі ретінде емес, ғалымдар үшін жо­ғары оқу орны немесе ҒЗИ ба­засында зерттеуді жалғастыру мүм­кіндігі ретінде постдок­то­рантура жүйесі құрылады.
– «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы ая­сында ғылыми қоғамдастықпен, жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау – маңызды басымдық, – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов. Секция барысында Ұлттық ғылым академиясының прези­денті М. Жұрынов, «Ұлттық мем­лекеттік ғылыми-техникалық са­раптама орталығы» АҚ прези­денті А.Ибраев, әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ физика-химиялық зерттеу және талдау орталығының директоры Б.Кеңесов, Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша ELSEVIR компаниясының ай­мақ­тық директоры А.Оспанов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі, саясаттану кафе­дра­сының меңгерушісі И.Рыстина  және басқалар сөз сөйледі.   Айдар ДӘУІТҰЛЫ