Доллар бағамы 1,03 теңгеге қымбаттады

Доллар бағамы 1,03 теңгеге қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттады. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 1,03 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа құны – 434,51 теңге. Ұлттық банктің 9 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 433,45 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 433,53 теңге, сатып алу – 438,97 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 432,60 теңгеден болса, сатып алу құны – 436,09 теңге.