Маймыл шешектен қорғайтын маскалар сатылатыны туралы хабарлама тарады
Маймыл шешектен қорғайтын маскалар сатылатыны туралы хабарлама тарады
200
оқылды
Қазнетте қорғаныш маскалары қойылған витринаның суреті тарады. Олардың кейбіреуі маймыл бейнеленген қораптармен сатылады. Желі қолданушыларының айтуынша, бұл маймыл шешегінен қорғайтын арнайы маскалар. Сондай-ақ жақын арада бұл маскаларды бәрі де сатып алуға міндетті болады деген пікірлер жазылды. Алайда Stopfake.kz мұның жалған ақпарат екенін хабарлады. Суретте көрсетілген медициналық маскалар тек маймыл шешек ауруынан ғана қорғайтындай арнайы немесе ерекше емес. Бұл өте қарапайым FFP2 маскалары, ал түрлі-түсті суреті бар қораптағы бетперделер балаларға арналған.
"Маймыл шешегі ауруының таралуына байланысты адамдарды қоғамдық орындарда қайтадан маскамен жүруге міндеттейді деген пікірлер негізсіз. Маймыл шешегі вирусы ауа тамшы жолдарымен ұзақ және жақын байланыс болғанда ғана беріледі. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ұсынысында басқа отбасы мүшелері жанында болған кезде маймыл шешек ауруын жұқтырғандар маска тағуы керек делінген. Маймыл шешекпен ауырмаған адамдар ұдайы жанында белгілі бір себептермен немесе маска тақпайтын науқас адам болса ғана бетпердемен жүруі керек", – делінген хабарламада.
Демек, маймыл шешек ауруынан қорғайтын арнайы маскалар сатылады деген ақпарат – фейк.